Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша 240 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыға қатысты «Қазақтелеком» мен «Көліктік сервис орталығының» қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Нәтижесінде заңсыз сатып алынған активтер мен 240 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды. Оған қоса айыпталушылардың ел іші мен шетелдегі жылжымайтын мүлік, автомобильдері және 400 миллиард теңге қаражаты анықталды, олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр. Олардың біреуі қамауда, екеуі үй қамақта. Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерін заңдастыру фактілері бойынша қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін тергеу жалғасуда.