Б.Ақшолақов: Энергия стансаларының тозығы жетті 

Елдегі энергия стансалары ескіріп барады. Кей өңірде тозығы жеткендерінің үлесі 60 проценттен асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика министрлігі оларды жаңартудың жоспарына кіріскен. Бұл туралы Берік Уәлидің Бетпе-бет хабарында берген сұхбатында министр Болат Ақшолақов мәлімдеді. Стансалардың тозуына қуатты тұтыну көрсеткішінің артқаны да себеп. Сондықтан жаңа стансаларды салу уақыт талабынан туындаған міндет, - деді энергетика министрі.

Болат Ақшолақов, энергетика министрі:

Біздің жоспарымызда бірнеше жаңа станциялар бар. Құрылысы енді басталатын. Жақын арада, мысалы, біз аукцион өткізіп, Қызылордада станция, Шымкентте, Түркістан облысында және Солтүстікте Екібастұздың қосымша блоктарын қосуға бұл бәрі тапсырысты жабуды шешеді.

ОТЫН МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕЙТІН ПЛАТФОРМА

2030 жылға дейін стратегияға сәйкес елімізде баламалы энергия көздерін қолдануды 15 процентке жеткізу көзделген. Сала басшысы келтіргендей, бұған қол жеткізу үшін көмір және табиғи газбен жұмыс істейтін резервтік станса санын көбейту керек. Бұдан бөлек, министр дизель мәселесіне қатысты шағымдарды қабылдайтын желі ашылғанын хабарлады. Болат Ақшолақов сондай-ақ аймақтардағы отын мәселесін қадағалауға арналған бірыңғай цифрлық платформасының ашылғанын жеткізді. 

Болат Ақшолақов, энергетика министрі:

– Біздің Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша электрондық цифрлық плантформаны енгіздік кеше ғана. Әрине бұл жаңа платформа. Қазір бәрін оқытып, оператордың бәрін қосып жатыр. Бірақ оған да тұрақты жұмыс істеу үшін. Бұған да сәл уақыт қосымша керек.