Қазақстан арқылы өтетін тасымал көлемін арттыру басты міндет – ҚТЖ

Орта дәлізді дамыту: жаңа мүмкіндіктер көкжиегіндегі транзиттік және көліктік ынтымақтастық.

Осындай атаумен «Қазақстан  темір жолы» ұлттық компаниясының ұйытқы болуымен Ыстамбұлда панельдік отырыс өтті. Logitrans (Лөгитыраншс) 15-халықаралық көлік және логистика көрмесі аясында өткен басқосуға әлемдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Еліміз арқылы өтетін бағыттарды кеңейту - Қазақстан  темір жолы үшін стратегиялық міндет. Осы мақсатта, ұлттық компанияның бастамасымен Ыстамбұлда аталмыш саланың алдыңғы қатарлы ұйымдары бас қосып, Транскаспий бағытындағы тасымалдау географиясын кеңейту мәселесін қарастырды.

Айбек Қапар, «KTZ EXPRESS» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы:

- Биылғы жылдың алғашқы 10 айында Транскаспий дәлізі арқылы өтетін жүк ағымы бірнеше есеге ұлғайды. Бұдан бөлек Алтынкөл стансасынан шаттл пойыз қызметін іске қосып, жүк жеткізу уақытын қысқартуды көздеп отырмыз. Жаңа қызмет ағымдағы жылдың желтоқсанынан бастап енгізіледі. Бұл өз кезегінде, Қытайдан Грузия порттарына дейін жүк жөнелту уақытын 20 күнге дейін қысқартады.

Халықаралық жиын қатысушылары осы секілді қордаланған мәселелерді бәсекелесе отырып емес емес, ынтымақтаса шешуге болатынына сенімді. Харун Өнжүнінің айтуынша, мұндай кездесулер көптен шешілмей жүрген түйткілдер түйінін тарқатуға мүмкіндік береді. 

Харун Өнжү, «Albayrak Holding» Каспий аймағының үйлестірушісі:

- Жібек жолы дегенде ойымызға орта дәліз түседі. Пандемиядан кейінгі бүкіләлемдік дағдарыстан кейін орта дәліздің маңызы одан ары арта түсті. Осындай мүмкіндікті ұсынған Қазақстанға алғыс айтамыз.

Бұдан бөлек ұлттық компания өкілдері Logitrans (Лөгитыраншс) 15-халықаралық көлік және логистика көрмесінде Қазақстан  темір жолының мүмкіндіктерімен таныстырып, жаңа бағыттар мен қызметтер бойынша ақпарат берді. Айта кеткен жөн, халықаралық көрмеге 24 елден 158 компания қатысып, олардың өнімдерімен 15 мыңнан астам адам танысты.

Сондай-ақ...