13 ақпанда 12 мың қазақстандыққа Еңбек министрлігінен хабарлама келеді
Осылайша ведомство арнайы санаттағы азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынады.
Атап айтқанда көпбалалы отбасылардағы, асыраушысынан айырылған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған 23 пен 35 жас аралығындағы жастар жұмысқа шақырылады. СМС хабарламада еңбек.кз сайтына сілтеме болады. Соған кіріп, жұмыс орындарына қатысты консультация алуға болады. Сондай-ақ 20-шы ақпан мен 3 наурыз аралығында жаңа бизес идеяларға, грант берудің бірінші кезеңі басталады деп хабарлады, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Асқар Ниязов, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:
- Ең үлкен талап азаматтардың бизнес жобасы болу керек. Бизнес жобасын қорғау тәсіліне де өңірдің дамуына қажетті бизнес жоба болуы тиіс. Мөлшері гранттық қолдаудың 400 АЕК немесе 1 миллион 380 мың теңгенің көлемінде биылғы жылы. 9 мың грантты таратамыз. Бұл әлеуметтік осал санатына кіретін азаматтарымыз.
Жастарға несие берудің шарттары
Наурызда жастарға 2,5%-бен шағын несие беріле бастайды. 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға, өз кәсібін дөңгелету үшін 5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарлама 6 мыңдай азаматты қамтиды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 29 миллиард теңге қарастырылған.
Асқар Ниязов, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:
- Бұған қатыса алатын азаматтарымыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарымыз. Яғни ИП-сы оның 5 жылға дейін болу керек. Одан асып кетсе, қатыса алмайды. Бұл шағын несие жастарға беріледі. 21 жастан 35 жас аралығында. 5 миллион теңге 2,5% мөлшерлемемен беріле отырып, бұл жерде кепіл зат қою міндеттемесі тағы бар.