Биыл Астанада 19 инвестициялық жоба жүзеге асады
Инвестиция тарту бойынша Астана Атыраудан кейін екінші орында тұр. Соңғы 3 жылда елордаға 3,8 трлн теңге қаржы құйылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соның ішінде ақшаның көбі білім беру, өнеркәсіп және логистика салаларына кеткен. Көрсеткіштер жергілік компаниялардың негізгі капиталға құйған инвестицияларының нәтижесінде өсті. Биыл тағы 19 инвестжоба іске асырылады. Олардың жалпы құны – 94 млрд теңге. Соның аясында заманауи логистикалық кешен, жеке мектептер мен балабақшалар салу жоспарланған. Мұны қалалалық инвестицияларды дамыту орталығы хабарлады.
Исатай Адресов, инвестициялық компанияның өкілі:
- 2022 жылғы 9 ай нәтижесі бойынша келесі бағытттар бойынша инвестиция тартылған. Бірінші орында – көтерме және бөлшек сауда. Автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу. Екінші орында – құрылыс, 101 млрд доллар. Үшінші орында – ақпарат және байланыс, 92,6 млрд.