Ұшақ апатынан аман қалған экипаж мүшелері жайлы соңғы ақпараттар

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан 5 экипаж мүшесінің екеуі аман қалғаны белгілі. Олар – Зульфугар Әсәдов пен Айдан Рахимли. 25 жастағы келіншек қазір Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал оның әріптесі Зульфугар Асадов бас жарақатын алған.

Нәзакәт Әсәдова, апатқа ұшыраған ұшақ бортсерігі З. Әсәдовтың зайыбы:

- «Мама, ұшақ құлаған секілді, әкем қайда?», – деді ұлым. Осыдан кейін байыз тауып, бір орында отыра алмадым. Кейін теледидардан көрдік. Аман екен.

Нұрлан Әсәдов, апатқа ұшыраған ұшақ бортсерігі З.Әсәдовтың ұлы:

- Қоңырау шалып сөйлестік. Жағдайын сұрағанымда: «Бәрі жақсы, уайымдама», – деді. Басы, арқасы, аяғы мен қолынан шамалы жарақат алған екен.