Қазақстан мен Германия арасында тауар айналымы артып келеді

Қазақстан мен Германия арасында тауар айналымы артып келеді

Қазақстан мен Германия арасында екіжақты тауар айналымы өсіп келеді.

Әрі біздің елге тартылған неміс инвестициясы да ұлғайған. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Германия - Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт бастаған Бундестаг делегациясымен кездесті. Тараптар қазақ-неміс сауда-инвестициясындағы басым бағыттарды дамыту жайын талқылап, «жасыл» экономика және энергетика саласындағы жобалар бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде депутаттар қазақ Үкіметінің жанындағы неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалады. Сондай-ақ,  Бундестагтың салалық комитеттері бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендерін жеткізді.