Маңғыстау облысында жастар ауыл шаруашылығында бизнес бастауға несие алады
Маңғыстау облысында 30-ға жуық жас ауыл шаруашылығы саласында бизнес бастау үшін жеңілдетілген несие алуға өтініш білдірді.
Бизнес-жобаларды арнайы комиссия қарайды. Мақұлданған жағдайда әр үміткер 5 млн теңгеге дейінгі қаражатты 2,5 процентпен ала алады. Мамандардың айтуынша, тұрғындар мемлекет қолдауының арқасында егін егіп, жылыжай шаруашылығын дамытып, төрт түлік басын көбейтуге ниетті. Таяуда еліміз бойынша жастарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталғаны мәлім. Осы мақсатта мемлекет қазынасынан 29 млрд теңге қарастырылған. Соның 815 млн теңгесі Маңғыстау облысына бөлініп отыр.
Мұрат Баймағамбетов, Аграрлық несие корпорациясы филиалының директоры:
- Кәсіпкер боламын деген азаматтар, кәсіпкерлігі 5 жылдан аспаған жастар бізге келеді. Біз оларға толық түсінік береміз. Одан кейін тізімдерді ұсынамыз, қандай құжаттарды жинайтынын. Сосын оларды сараптаймыз. Заңгерлер тексереді. Шамамен енді 163 адамға несие беріміз деп жоспарлап отырмыз.