Жастар және әйелдер кәсіпкерлігі үшін онлайн платформа құрылады
Елде жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірыңғай онлайн платформа құрылады.
Жаңа жоба туралы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында айтты. Бұл бағдарлама мемлекеттік гранттарды үлестіру мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін қажет. Вице-министрмен кездесуде көпбалалы аналар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы сөз қозғалды. Евгений Кочетов ел-жұрт көтерген мәселелер бойынша өтініштерді қарастыруға уәде беріп, жергілікті белсенділермен байланыста болатынын жеткізді.
Алтынай Төлеуханова, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі:
- Шығыс Қазақстан облысында әйел кәсіпкерлігін дамытудағы жұмысын атқарып келе жатырмыз. Онлайн-портал туралы айтқанымыз, ол мемлекеттік ұйымдар және де мемлекеттік емес ұйымдардың қандай әйел кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары бар, сол ақпаратты бір жинап, бір порталға енгізбек, ауылдағы әйелдер, көп балалы әйелдер сол ақпаратпен танысу мүмкіндігін алар еді.
Евгений Кочетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
- Онлайн-портал әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған барлық бағдарламаны біріктіреді. Бүгін әсіресе әйелдер бизнесін дамытуға баса назар аудару керектігі туралы айтылды. Қолдау аса қажет.