Жамбыл облысында 538 бизнес нысан негізсіз тексерілген
Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер органдары 538 бизнес нысанға негізсіз тексерулер жүргізген.
Оның 475-іне заңсыз салық бұйрықтарын шығарса, 67 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сорақысы, салық қызметкерлері 167 жеке кәсіпкерге, халық атынан шағымданып, кейін өздері тексеруге барған. Қызмет бабын асыра пайдаланған тараздық қызметкерлер салықтан босатылған мүгедек бизнесмендерге де салық бұйрығын шығарған. Ал меркілік салықшылар өмірден өткен кәсіпкерге хаттама толтырған. Аталған заңсыздықтарды, облыс прокурорлары анықтады. Бүгінде барлық бұйрықтың күші жойылды. Жалпы жыл басынан бері 2 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Нариман Төребеков, облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:
- Прокурорлардың қадағалау актілері бойынша 30-дан аса мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 20-дан аса салық органдарының қызметкерлері. Олардың алтауы басшылық құрамдағы қызметкерлер. Заңсыз тексеру жүргізгені үшін Т.Рысқұлов ауданы салық органының бөлім басшысы 20АЕК түрінде әкімшілік жауапткершілікке тартылды.