Өскеменде мүгедек жандар комбинатқа жұмысқа тұрды
Енді Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі жандар Риддер қаласындағы тау-кен комбинатында жұмыс істейді.
Қазір кәсіпорындарға 63 адам орналасты. Олардың негізгі міндеті бейне-бақылау орталығы арқылы мекемедегі жұмыс барысын бақылау. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аудару. Жас мамандар 130 мың теңге көлемінде айлық алады.
Елена Баус, ШҚО "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басшысы:
- Бұндай әлеуметтік жоба біздің өлкеміздегі ғана емес жалпы елімізде алғаш рет жүзеге асып жатыр деуге болар. Ал маңыздылығы жайлы айтудың өзі артық.Өйткені мүгедек азаматтардың жәрдемақысы аз екенін білеміз.Ендеше қосымша табыс оларға ауадай қажет.