Қазақстан Иранға экспортты ұлғайтады
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды.
Үкімет басшысы Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер кездесу өткізіп, екі елдің ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Бұл сапар Қазақстанның парсы еліндегі Үшінші сауда-экономикалық миссиясының аясында өтті. Бұл миссияға елімізден 20, ал Иран тарапынан 150-ден астам компания қатысты. Екі жақты іскерлік кездесулер Қазақстаннан парсы еліне тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша 60 млн доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 528 млн долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,8 пайызға жоғары.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Мохаммад Мохбер, Иранның бірінші вице-президенті:
- Қазақстан мен Иранды дәстүрлі серіктестік пен тату көршілік қарым-қатынас байланыстырады. Мұны екі ел басшылары арасындағы кездесулердің қарқындылығы дәлелдейді. Дегенмен өткен жылдың қорытындысына сәйкес, өзара сауданың өсуіне қарамастан, бұл көрсеткіштер екі елдің әлеуетін әлі де толық көрсете алмай отыр. Құрметті Премьер-министрдің сапары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 3 млрд доллар деңгейіне жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Біз сондай-ақ транзиттік үдерісті, ғылымды қажет ететін компаниялар арасындағы ынтымақтастықты және туризм саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келістік.