Кәсіпкерлер Германияда тағылымдамадан өтеді
Менеджерлерге арналған 2 апталық оқуға 17 бизнесмен аттанбақ.
Олар "Іскерлік байланыстар" неміс қоғамының іріктеуінен сүрінбеген үздіктер.
Қазақстанда оқытудан өткен кәсіпкерлер енді бағдарламаның екінші кезеңінде Германияға аттанады. Екі апталық тағылымдама бизнесте келіссөз жүргізу, жоба жоспарлау және тиімді бизнес-жоспар дайындауды үйретеді. Тренингтердің аталмыш тақырыптары ойын формасында көрсетіледі.
Дархан Бітімшинов, кәсіпкер:
- Басты идея команда болып, белгілі бір нәтижеге жетудің тетіктерін анықтауды үйрету. Сонымен қатар салаға қатысты жаңа технологиялар туралы ақпарат айтылады. Жаңа технологиялар - жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік.
Серік Құлмұрзаев, кәсіпкер:
- Біз Қазақстандағы бірінші күн сәулесінен өндіретін энергия құатын алатын, солнечные батареи деп атайдығой, сондай компания. +Өте жақсы нәтижелері. Өте қызықты. Бізде салада қолданбаған, қалай бизнес жоспарды дайындау, оларды іске асыру, қалай жүргізу керек сондай мәселелер айтып; үйретіп жатыр. Өте қызықты.
Жоспар бойынша жобаға қатысушылар келесі аптада неміс кәсіпорындарына барып, әлеуетті серіктестер - Германия фирмаларының басшыларымен кездесу өткізеді.
Виктор Крушински, білім беру орталығы бас директорының орынбасары:
- Бұл топта бірлескен өндірісті көздейтін, серіктестер іздеп жүрген электр жабдықтарын өндіруші компания өкілдері бар. Осы екі апта ішінде неміс бизнес өкілдерімен бірлескен жұмыс туралы келіссөздер жүргізу де біздің мақсатымыз.
Айта кетерлігі, "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы 15 жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде Германияда тағылымдамаға 750-ден астам адам қатысты. Биыл іріктеуден 17 кәсіпкер өтті.
Сымбат Ғалымжанқызы, Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский