Елімізде ауыл шаруашылығын субсидиялауға ₸425 млрд беріледі
Биыл 500 млрд теңгеден астам қаржы өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаражатты өнеркәсіпті дамыту қоры мен Қазақстанның Даму банкі бөледі. Бұдан бөлек, осы жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға кемінде 425 млрд теңге беріледі.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов орта бизнес өкілдерімен кездесті. Жиынға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері келген. Үкімет басшысы биыл индустрияландыру желісі бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға 170, ал агроөнеркәсіпте 300 жоба жүзеге асырылады деді. Жер бөлу, инфрақұрылым жүргізу бойынша бизнеске қолдау көрсетіледі.