Үкіметте полиэтилен өндірісі кешенін салу жобасы талқыланды
Үкіметте полиэтилен өндіретін газ-химия кешенін салу жобасы талқыланды.
Бұл мәселе бойынша инвестициялық шешім келер жылы қабылданады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жобаны табысты іске асыру үшін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» Арайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімін ұзарту керек, сонымен қатар сыртқы инфрақұрылым жеткілікті болу тиіс" дейді. Премьер-Министр газ-химия өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға көтерілген мәселелерді шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.