Alstom компаниясы елімізге 100 млн еуро инвестиция бөлуді көздейді
Alstom компаниясы Қазақстанға 100 млн еуроға дейін инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Франциялық кәсіпкерлер елде қызмет көрсету орталықтарын ашуға мүдделі. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов компанияның Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Де Леоне мен кездесті. Қос тарап ынтымақтастықты жалғастырып, бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Жалпы бұл кәсіпорын электровоздар мен оған құрамдас бөлшектер өндіреді. Эндрю Де Леоненің айтуынша, Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Енді компания тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін ел бойынша инфрақұрылым әлеуетін арттыруға ниетті. Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктерін кеңейтуді де талқылады.