Елордада дәстүрлі «Astana Finance Days» конференциясы өтті
Елордада дәстүрлі «Astana Finance Days» конференциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға әлемнің 70 елінен 3 мыңға жуық қатысушы келді. Олардың қатарында сарапшылар, әлеуетті инвесторлар, кәсіпкерлер және ірі халықаралық банк, криптобиржалардың басшылары бар. Шарада инвестиция тарту, жасыл экономика, төлем жүйесін цифрландыру тақырыбы талқыланды. Қаржы саласында жүргізілген зерттеулер таныстырылды. Сала серкелері 28 панельдік сессияда сөз сөйледі. Жиын соңында ірі компаниялар өзара келіссөз жүргізді.
Елена Пак, АХҚО Коммуникациялар жөніндегі директоры:
- Әлемде геосаяси және экономикалық ахуал тұрақсыз болып тұр. Мұндай кезде саладағы жаңашылдық пен инвесторларға тартымды болу тәсілдерін талқылау өте маңызды. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға қаржы тарту мәселесі бар. Жиында әлемді алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды. Сарапшылар жасыл энергия мен транспорт саласын да қамтыды.