«7-20-25» бағдарламасына қойылған қаржылық шектеуді алып тастау ұсынылды
«Байтақ» партиясы 7-20-25 бағдарламасына қойылған қаржылық шектеуді алып тастауды ұсынды.
Саяси ұйым мүшелері бүгін Астанада құрылыс компаниялары өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіп, осы мәселені талқылады. Экологиялық альянстың төрағасы Азамат-хан Әміртайтың пайымдауынша, 7-20-25 бағдарламасына жақсы балама болғанда ғана оны тоқтатуға болады. Ал қазіргі жағдайда ипотеканың бұл түрін қаржыландырудағы өзгерістер қоғамдық дау тудыруы мүмкін дейді мамандар. Инфляция және экономикалық жағдайды есептегеннің өзінде, баспанамен қамтуға арналған бағдарламаларға, қаражатты шегермеу керек. Оның айтуынша, үкімет қаржыны үнемдегісі келсе, министрліктердегі тиімділігі аз бағдарламаларды шектегені жөн. Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «7-20-25» бағдарламасының лимиті алынбайтынын айтқан болатын. Еске салайық, 2023 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тәртібі өзгерді. 1 трлн теңге сомасында жалпы бюджеттің орнына жылына 100 млрд теңгеден аспайтын қаржы белгіленген.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» партиясының төрағасы:
- Халық бәрі үміттеніп отыр да бұл мәселеден. Соның бәрі тоқтап қалатын болса, бірден автоматты түрде әлеуметтік протестке әкеледі. Сондықтан біздің партиямыз бұны қолға алып, бұл мәселені толық түрде зерделеп, президентке жеткіземіз. Ашық хат жолдаймыз. 7-20-25 –ті толық түрде қаржыландыру керек.