Алматы облысында ауылшаруашылық өнімі көбейіп келеді
Құс етін өндіру бойынша елде Алматы облысы көш бастап тұр.
Бұл жайында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Биыл аймақта агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Оның 29 млрд-ы субсидия. Айта кету керек, Алматы облысы балық шаруашылығын да мықтап қолға алған. Яғни, балықтың тауарлы түрін тұтынушыларға жеткізуде. Былтыр бұл өнімнің 5 мың тоннасы өндірілсе, алдағы жылдары көрсеткішті 17 мың тоннаға дейін жеткізу жоспары бар. Ол үшін биыл Қонаев қаласында балық өнеркәсібі кешендері іске қосылмақ. Аймақта пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлер де мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Өткен жылдан бері 400 мың га жер анықталды. Оның 157 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар меншік иелерінің өз еркімен қайтарылған және мемлекеттік қордың 490 мыңы жайылымға берілді.