«Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда» көрме-жәрмеңкесі өтті
Ресей мен Оңтүстік-Шығыс елдерінде күріш алқаптарының көлемі азайып барады.
Оған климаттық және қаржылық қиындықтар себеп болып отыр. Бұл проблеманың әлемде күріштің қымбаттауына әкелері анық деп отыр мамандар. Қызылордада алғаш рет өткен «Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда» атты күріш көрме-жәрмеңкесін өткізудегі мақсат – ел нарығындағы ақмаржанның бағасын тұрақтандыру дейді ұйымдастырушалыр. Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы қатысты.
35 шаруашылық, 120-дан астам кәсіпкер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация төрағалары мен барлық облыс әкімдерінің салалық орынбасарлары ырысты, күрішті Қызылордада бас қосты. Басты мақсат – баға тұрықтылығын реттеудің жаңа тетігін пысықтау. Аймақтар арасындағы байланысты нығайта отырып, өнімге делдалсыз қол жеткізуге мүмкіндік беру, деді Үкімет басшысының орынбасары көрме жәрмеңкенің ашылу салтанатында. Тиісті келісімдерге қол жеткізген өңірлердің өкілдері де бұл бастамаға оң бағасын берді.
Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
- Біздің облысқа жылына шамамен 6 мың тонна күріш қажет. Қостанай облысының үш ірі компаниясы 3 мың тонна өнімді Қызылорда облысынан сатып алатын болды. Бұдан басқа, Қызылорда облысының тауар өндірушілерімен тікелей жұмыс істейтін шағын көтерме саудагерлер де бар. Бізге тауар өндірушілер ұсынған баға қолайлы деп айта аламыз.
Форфорттық шарттар мен қаржыландыруды жүзеге асыру жолдары бизнес өкілдері бас қосқан мәжілісте талқыланды. Енді тұрақтандыру қорларына делдалсыз сатып алынатын ауылшаруашылығы дақылдарының қатарына ұн, қант, қарақұмық жарамасы, күнбағыс майымен қатар күріш те қосылды.
Серік Қожаниязов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
- Продкопарациямен биЫл бірінші рет 6 мың 100 тоннаға форвардтық келісімге қол қойдық. Продкорпорация алып кетемін десе, алып кетеді, осы жақта сақтаймын десе, біз оны сақтап қоюға кепілдік береміз.
Серік Жұманғарин Қызылорда облысына сапары аясында күріш пен тұз өндіретін зауыттардың жұмысымен де танысты.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Музарапшин