«ҚазМұнайГаз» қысқы дизель өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асырады
«ҚазМұнайГаз» француз компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев осылай деді. Ол Мемлекет басшысына компанияның бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және аумақтарды зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.