Қазақстан өңделген ет экспортын ұлғайтты
Қазақстанда өңделген ет экспортының көлемі артты.
Сиыр етін өңдеу 2,5, ал қой еті 7 есеге өскен. Бұл кейінгі 10 жылда болмаған көрсеткіш. Өнімнің дені Өзбекстанға жөнелтілді. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты. Қазір елде аналық бас ірі қара мен уақ малды тірідей экспорттауға тыйым салынған. Тек бұқа мен қошқар сатуға болады. Оның өзінде белгіленген шектеу бар. Министрдің айтуынша, бұл өңделген ет өндірісін ұлғайтуға бағытталған шара.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- 22 жылдың нәтижесі бойынша бізде 28 мың тонна ет экспортталған. 2019 жылы алатын болсақ 150 мың тірідей ірі қара экспортталған болатын. Енді біз қашанға дейін көршілес, бауырлас елдерімізге жәй малшы болып, диқан болып өңделмеген етті шикізатты ала береміз. Ол негізі үлкен проблема. Біз өзімізде өндірісті Қазақстанда жолға қою керек. Сол үшін квоталарды да, шектеулерді енгізген мақсаты осы.