Маңғыстаудағы су тұшытатын зауыттың қуаты артады

Маңғыстаудағы су тұшытатын зауыттың қуаты артады

Маңғыстаудағы «Каспий» су тұшыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын.

Кәсіпорын толық қолданысқа берілгеннен кейін тәулігіне 40 мың текше метр су артық береді деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында айтылды. Кеңейту шаралары үш жыл бұрын басталған. Зауыт басшылығының айтуынша, жобаны аяқтау үшін шамамен 5 млрд теңге қажет. Премьер-Министр Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарындағы 180 мың тұрғын үшін жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті Мемлекеттік комиссия құрылды. Және осы апатты жағдайдың себептерін және соған себепкер болған адамдарды қазір анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен аптада біз Үіметте тиісті шешім қабылдадық. 4,9 млрд теңгені бөлу мәселесін шешім қабылдадық. Осы қаражатқа осы энергетикалық жабдықтар жаңғыртылатын болады.