Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң күшіне енді
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң күшіне енді.
Қабылданған заңның мақсаты аты айтып тұрғандай заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару. Күмәнді жолмен байығандармен ымыралас азаматтар да осы заң бойынша тексеріледі. Алдымен реестр құрылады. Жымқырылған активтерді қайтарумен Бас Прокуратураға қарасты арнаулы ведомство айналысады. Уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер ұсынған ақпарат пен заңнамада тыйым салынбаған дерек көздерге сүйене отырып, тиісті талдау жүргізеді.
Аман Мәмбетәлі, политолог:
- Ел күтіп отырған запросы - бұл процесс ашық болуы керек. Және оның алдында Президент айтқандай, 1 пайыз сома қайтарылды ғой. Соның өзі ашық өтті. Біз бәріміз көрдік қай фондқа не, кім кетті деген нәрсе және ол қалай таратылды. Бұл бірақ қана пайыз. Заң енді қабылданды. Бұл законопроект емес, заң болды. Ары қарай процесс менінше ашық түрде өткен дұрыс.