Түркістан облысындағы жылыжайларға 150 мың тонна көмір жеткізіледі
Келер жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна Шұбаркөл көмірі жеткізіледі.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен хабарлады. Жылыжай шаруашылықтары үшін 1 тонна үшін көмірдің құны 10 350 теңгені құрайды. Ал өңір әкімдігінің мәліметінше, бүгінге дейін облысқа 148,8 мың тонна көмір жеткізілген. Мүдделі тарап одан 28 мың тонна көмір сатып алды.