Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысын өткізді
1400-ден астам инвестициялық келісім, 37 мыңнан астам жұмыс орны.
Бұл – Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің 18 жылда қол жеткізген жетістігі. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен инвестциялық штаб отырысында айтылды.
Жалпы инвестициялық келісімшарттар аясында 2 трлн 200 млрд теңгенің инвестициясы құйылған. Қаржының біраз бөлігіне білім беру, денсаулық сақтау, қонақ үй қызметі, жолаушы тасымалының нысандары салынды. Отырыста мемлекеттік грант түрінде жер телімдерін беру мәселесі де қаралды. Заттық гранттарды әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен келісе отырып бөледі. Дегенмен телімдерді берудегі құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру керек. Әлихан Смайылов жауапты мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді зерделеуді тапсырды.