Қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады
Қазақстан-Қытай арасындағы «Нұр Жолы» кеден бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады.
Транзиттік әлеуетімізді арттыратын жоба екі ел арасындағы келісім аясында жүзеге асты. Бастама қыркүйектің отызына дейін жалғасады. Бір жарым ай ішінде тәуліктік тауар айналымының тиімділігі зерттеледі. Жаңа жұмыс жүйесіне байланысты қызметкер саны көбейтілді. Жалпы алыс - беріс көрсеткіші жақсарды, дейді мамандар. Жетісу облыстық кірістер департаменті мамандарының мәліметінше, бұрын тәулігіне 450 көлікке дейін ел аумағына кірсе, қазір екі есеге артып отыр. Сәйкесінше қазына қаржысы да еселене түскен.
Фархат Исаев, облыстық МКД бөлім басшысы:
- Біздің бюджетімізге түсетін түсімдерге пайдасын тигізіліп жатыр. Бұрын орта есеппен тәулігіне 250-300 млн теңге түсетін болса бес жүз млн теңгеге дейін түсім түсті.