Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Қазақстан Ұлттық банкі жылдық базалық мөлшерлемені 16,5 пайызға дейін төмендетті.
Қаржы институты мұндай шешімді жаңартылған болжамдар, деректерді талдау, және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылдаған.
Сондай-ақ, инфляцияның одан әрі баяулауы мен біртіндеп төмендеуі жалғасатынын айтты.
Бұл мәселе бойынша Ұлттық банк өкілдері, келесі шешімін 6 қазанда жариялайды.
Айта кетейік, қаржы институты соңғы үш жылда базалық мөлшерлемені алғаш рет төмендетіп отыр.