170 млн теңгенің электронды темекісі жойылды

Жамбыл облысында заңсыз жолмен жекізілген ірі көлемдегі электронды темекі анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 50 мыңға жуық вейп жойылды. Оның жалпы сомасы 170 миллион теңгеден асады. Қазір мамандар заңсыз тауар айналымына қарсы тұрақты жұмыс жүрігізіп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында мол мөлшердегі вейпті жою жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде биыл тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды. Қылмыстық істер бойынша үкім шығарылғаннан кейін департамент аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.