Қаржы ұйымдарына шағымдану азайған
Елімізде қаржы ұйымдары мен коллекторларға шағымданушылар азайды.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Мамандар бірқатар субъектінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 мыңнан астам өтінішін қараған. Бұл биылғы маусым айымен салыстырғанда 15,9 пайызға аз.
Өтінімдердің тең жартысы банк секторына тиесілі. Ал 23 пайызы – микроқаржылық ұйымдарға қатысты.
Мамандар шілдеде бірнеше ұсынымды қадағалап ден қою шарасын, жазбаша ұйғарым, ескерту және әкімшілік жаза қолданған.