Салық кодексі өзгереді
Жаңа салық кодексінің жобасын талқылау жалғасып жатыр.
Үкіметтің кезекті отырысына ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты.
Жалпы жобаны әзірлеуге сарапшылармен қоса, депутаттар мен кәсіпкерлер де жұмылдырылған. Жұмыс тобы күні бүгінге дейін 700-ге жуық ұсынысты қарады.
Атап айтсақ, болжамды салық саясатын қалыптастыру, жоғары табысты салаларға салынатын салық мөлшерін қайта қарау, арнайы салық режимдерін реформалау мәселесі талқыға салынды.