Кәсіпкерлер экспортқа шығарған өнімдерін сақтандыра алады
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер қайтадан сақтандыру компаниясын құрады.
Бүгін Мәжіліс тиісті заңды қабылдады. Компания халықаралық қаржы ұйымы ретінде әрекет етеді. Тиісінше кәсіпкерлер тәуекелдің бір бөлігін өз мойнына алады. Бұл экспорттық байланысты дамытып, инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ өзге мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынасты кеңейтуге жол ашады. Депутаттардың айтуынша, бұл құжат мемлекетке де, бизнеске де пайдалы.
Темір Қырықбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің кәсіпкерлер қазір шет мемлекеттерге экспортқа өнімдерін шығарып жатыр ғой. Сол өнімдерін қайта сақтандыра алады. Затын егер апаратын болса, 100 млн қаражат тұратын болса, соны сақтандырып, егер де Ресей, Беларусь мемлекетінен қаражат төленбей қалса, кәсіпкерлерге оны Еуразиялық сақтандыру компаниясы төлеп береді.