Кәсіп аш та, қолдау тап
Биыл Оралда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар тарапынан 42 өтінім түскен.
Оның 8-і мақұлданды. Бұл жобалар бойынша саябақтар абаттандырылады.
Екі жоба Деркөл кентінде, біреуі Зачаганск кентінде, қалғаны қала орталығында жүзеге асырылып жатыр.
Бұл жұмыстарға жергілікті қазынадан 300 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Әлеуметтік бағдарлама халықтан түскен ұсыныстарды қолдауға арналған. Комиссия жобалардың заңдылығын ғана тексереді. Ал түпкілікті шешімді тұрғындар сайтта дауыс беру арқылы өздері қабылдайды. Әрбір жобаның құны 10 мың АЕК мөлшерінен аспауы тиіс.
Дархан Еркінұлы, қалалық тұрғын үй шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Жалпыға ортақ пайдаланатын орын болу керек. Яғни, қаламыздың барлық тұрғыны қолдана алатын. Одан бөлек, ұсынылған жобаның құрылыс уақыты осы қаржылық жылдың бөлігінде атқарылуы тиіс. Барлық тротуарларды және арық жүйесін орналастыру бойынша, онымен қатар кіші архитектуралық формалар және жарықтандыру орнату жұмыстары жүріп жатыр.