Атырауда саналы ғұмырының 45 жылын энергетика саласына арнаған маман тұрады
Атырауда саналы ғұмырының 45 жылын энергетика саласына арнаған майталман маман тұрады.
Жылу қуат Орталығындағы бу қазандықтарын жөндеу цехының аға шебері Марат Зыкеевті ұжымдастары мақтан тұтады. Адал еңбегінің арқасында шеберлік шыңына көтерілген маман қазір шәкірт тәрбиелеп жүр.
Атырау жылу қуат Орталығының аға шебері Марат Зыкеевтің жұмыс күні жылу қазандықтарды тексеруден басталады. Кәнігі маман мұндағы әр бұранданың сырын бес саусағындай жадында сақтаған. Әсіресе, 1963 жылы өңірге ең алғаш жылу мен жарық берген бірінші цех Марат үшін ерекше ыстық.
Марат Зыкеев, бу қазандықтарын жөндеу цехының аға шебері:
- Бұл қазандықтың пайдалануға берілгеніне биыл 60 жыл. Яғни ардагеріміз десек артық айтқаным емес. Ал қарсысында тұрған нөмірі бірінші бу турбинасы. Ол да осыншама уақыт қызмет етіп келеді. Уақытылы күтім жасалса, әлі ұзақ жыл жұмыс істейді деп сенемін.
Марат Зыкеев бригадасының қарамағында осындай 11 бу қазаны бар. Орталық сағатына 474 мегаВТ электр энергиясы мен 798 гига колория жылу өндіреді. Осындай алып өндірістің ырғақты жұмысы Марат сынды бесаспап мамандардің міндеті.
Асқар Жолмағамбетов, орталықтандырылған жөндеу цехының басшысы:
- Марат ағамыз өте тәжірибелі маман. Көп жылдан бері осы салада жұмыс істейді. Негізгі жұмысы котел дейді ғой, соны күрделі жөндеуде өткізуге ат салысып жүрген азамат. Зейнеткерлікке шыққан ағамыз жұмысын жетік біледі жастарды үйретіп жатыр.
Бүгінде Атырау Жылу Қуат орталығында 1200 ден астам адам еңбек етсе, оның 50 пайыздан астамын жастар құрайды. Жас мамандар осы арадан Марат Зыкеев секілді тәлімгерлерден үйреніп, тәжірибелерін толықтырып жүр.
Бекжан Есенов, шәкірті:
- Марат ағамыз өте жақсы кісі. Жұмыста белделі оқығаны мол, көп нәрсені шешіп біледі. Марат ағамыздай білімді адамдар керек қой, енді. Тәжірибесі мол, үйретері көп.
Бүгінде 60-тың асқарына көтерілген ардагер энергетик саналы ғұмырының 45 жылын осы салаға арнаған. Ал соңғы 22 жыл бойы Атырау облысын жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етуге үлесін қосып жүр. Аға шебер Марат Зыкеев жетекшілік ететін жөндеушілер бригадасы қазір құрылғыларды қысқа дайындау үстінде.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин