Шығынға ұшыраған диқандарға көмек көрсетіледі
Биыл егіннің түсімі былтырғыдан 2,7 центнерге кем.
Яғни орташа түсім гектарына 9,5 центнерден айналды. Бұған биылғы қуаңшылық әрі орақ кезінде жаңбырдың толастамауы себеп. Дегенмен, диқандар алаңдамауы тиіс. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, шығынға батқан диқандарға көмек беріледі. Ал фермерлердің басты тілегі кредит мерзімін ұзарту болатын. Сондай-ақ субсидияны жыл соңына дейін төлеуді, лизингпен берілетін кептіргіш құралдардың лимитін арттыруды сұраған. Қазір егінші қауымның мәселесімен арнайы комиссия айналысып жатыр. Ешбір диқан көмексіз қалмайды, дейді Ауыл шаруашылығы министір Айдарбек Сапаров. Бүгінде егістіктің 40 пайызы орылды. Жоспар бойынша қамбаға 16 млн тоннадан аса астық түсуге тиіс-тін. Алайда жауынның салдарынан 2,7 млн гектар егін жарамсыз болып қалған.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Егін далада қалмайды деп жоспарлап отырмыз. Өтйкені техникасы жетпейтін шаруашылықтарға көрші ауданнан, көрші облыстардан комбайн дайындап жіберертін боламыз. Бұл бізде бақылауда және де әкімшілік комиссия да бақылауда ұстап отыр. Шаруашылықтарға көмек болады. Бұл жерде біздің мәселесіз шашпай-төкпей жинап алу. Экспорттық позициямызда сақтауға тырысып жатырмыз. Былтырдан қалған 3 млн бидайымыз бар корпорацияда.