Экономист: Саяси оқиғалардың экономикаға әсері болмауы керек
Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында экономикалық дағдарыс жайын да тілге тиек етті.
Нақтырақ айтсақ, өндіріс көлемін ұлғайтып, азық-түлік тауарларының экспорты мен импорттың еркін алмасу қажеттігін айтты. Экономист Бекнұр Қисықов: коронавирустан кейін әлемдік экономиканың қарқыны бәсеңдеп қалғаны рас, - дейді. Оған көптеген мемлекеттің әртүрлі тексерулері мен тыйымдары тікелей әсер етіп отыр. Тойып тамақ ішпейтін адамдардың саны көбеймесе, азаймай тұр. Мысалы, былтыр дүниежүзі халқының 10%-ке жуығы аштықпен бетпе-бет келді.
Бекнұр Қисықов, экономист:
- Экономика болмаса, саясат та болмайды, өмір де болмайды. Себебі бәрі аштыққа кетуі мүмкін, бәрі үлен дағдарысқа кетуі мүмкін. Сондықтан оның барлығын қазірден тоқтату керек. Ешқандай саяси кедергі жасаудың қажеті жоқ және саясаттың экономикаға әсері тимеу керек. Тіптен экономикалық жағдай бүкіл мемлекетте жоғары көтерілу керек деп ойлаймын.