Атырауда мемлекет қолдауымен кәсіп ашқандардың көрме-жәрмеңкесі өтті
Ұлттық жоба шеңберінде қаржылай көмек алған 60 кәсіпкер өз өнімін ұсынды.
Биыл қайтарымсыз несие 266 адамға беріледі. Қазір 173-і жұмысын бастады. Қалғандарының өтініші қаралып жатыр. Бұрын жас кәсіпкерлер де қайтарымсыз грант алатын. Енді оларға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие қарастырылған.
Еркебұлан Әбілқасымов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
- Атырау облысына қарасты қала және 7 ауданнан барлығы қатысып отыр. Оның ішінде қолөнерлері, ұн өнімдері, кондитерлік, киім өнімдері де бар. Ағаш бұйымдары бар, құрылыс материалдары бар. Жалпы алға қарай да жалғасын табатын болады.