2022 жылы елімізде өндірілген өнім көлемі 21,1 триллион теңгені құраған
Өткен жылы елімізде өндірілген өнімнің көлемі 21,1 триллион теңгені құраған.
Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе артық. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында саланы дамытудың бағыттарын баяндады.
Айтуынша, қазір оң динамика байқалады. Биылғы көрсеткіш жаман емес. Өндіріс көлемі 8 айда 14 триллион теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3 процентке өскенін көрсетеді. Жалпы биыл инвестицияның дені тамақ және машина жасау өнеркәсібіне тартылған. Ағымдағы жылы 175 жоба қолға алынып отыр. Олар ел бойынша 12 мың 300 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.