Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнмідерінің жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеге 10 аудан мен облыс орталығындағы 100-ден астам кәсіпорын қатысты.
Жәрмеңкеде 84 миллион теңгенің азық-түлік өнімі саудаланды.
Ауыл дәмін сағынған қала тұрғындары таң сәріден орталық алаңға жиналды. Жәрмеңкеге қойылған 70 тонна өнім түске дейін сатылып кетті. Оның ішінде 30 тоннадан астам ет, 93 мың дана жұмыртқа және бес тоннаға жақын сүт өнімі бар. Әдеттегідей ет пен сүтке сұраныс жоғары болды.
Жүзен Есенеев, қала тұрғыны:
- Ярмарка жақсы болып жатыр. Қарапайым қала тұрғындары бұл өте жақсы. Базардан қарағанда бағалар төмен. Сапасы жақсы ма деймін. Ауылдан келеді ғой. Осыдан постоянно алып тұрамын. Көбірек болса екен деп ойлаймыз.
Аятхан Айболат, жеке кәсіпкер:
- Ет бағасы екі мың үз жүз, екі мың бір жүзденде беріп жатырмыз. Жеңілдік жасап, берудеміз. Сұраныс бар. Таңғы 7-ден бастап сатып жатырмыз. Қалған ет осы. Негізі екі туша әкелгенбіз.
Халық жәрмеңкені асыға күтеді. Себебі мұнда нарықтан 20-30 процентке арзан. Облыс әкімі ұсынылған тауарлардың сапасы мен бағасын бағамдады.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Ең бастысы, қала тұрғындарына ауылдың өндірісін жеткізу. Өз бағасымен, сосын малды асыған адамдар өздері сатып жатыр. 10-15 пайыз қаладағы бағадан арзандау. Енді әртүрлі пікір бар ғой. Бірақ бүгінгі жәрмеңке көбінің көңілінен шығып жатыр.
Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында осындай 10 жәрмеңке өтті. Сонымен қатар бүгін ақмолалық тауар өндірушілер елордағы жәрмеңкеге қатысып, өнімдерін ұсынды.
Абзал Балтабаев, Виктор Полянный