Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастық талқыланды
Еліміз Біріккен Араб Әмірліктерімен екі жақты сауда-саттықты 1 млрд долларға жеткізуіне мүмкіндік бар.
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Парсы шығанағындағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов араб елінің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесу барысында айтты. Тараптар инвестициялық ынтымақтастық жайын да талқылады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 633 млн долларды құрады, елімізге тартылған инвестиция 27%-ға өсіп, 420 млн долларға жеткен. Әлихан Смайылов Біріккен араб әмірліктерінің инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Гаргауи Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретін ортақ үлкен әлеует барын баса айтты.