Семейде алғаш рет құрылыс саласындағы отандық өндірушілер жәрмеңкесі өтті

Семейде алғаш рет құрылыс саласындағы отандық өндірушілер мен дистрибьютерлердің жәрмеңкесі өтті.

Құрылыс материалдары мен халық тұтынатын тұрмыстық бұйымдарды өндіретін компаниялар көпшлікке таныстырылды. Осы арқылы отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, олардың нарықтағы белсенділігін арттыру көзделген.

Абай облысының құрылыс саласындағы әлеуеті зор. Оған алғаш рет ұйымдастырылған осы көрме дәлел. Бұл жерде құрылыс материалдары мен тұрмыстық бұйымдарды өндіретін өлкедегі үздік өндірушілердің өнімі қойылған. Көрме-жәрмеңкеге отызға жуық​ кәсіпорын​ қатысты. 

Мейрам Жұманбаев, кәсіпкер:

- Жол белгілерін жасауда қауіпсіздік, жолмен қауіпісздігін қамтамасыз етуге байланысты​ он жылдан астам өнім шығарамыз, Абай облысында және де басқа қазақстанның қалаларында ұсыныстар түсіп жатады. Бүгінгі жәрмеңке өте жақсы өйткені басқа зауыттардың басқа да өзі адамдардың көңіл күйінен шығып жатыр. 

Өңірде шығарылатын өнімдердің бір жерге топтастырылуы жұрттың да көңілінен шықты.  

Айғали Мұсағалиев, қала тұрғыны:

- Көріп шықтық, бәрін көріп шықтық, бәрі бар екен, бірталай произодство бар екен семейімізде. Енді осыдан ары қарай дами берсін деп тілеймін. 

Шараға қатысшуылар арасында​ силикат зауыты, Семей аяқ киім фабрикасы сынды отандық нарықта аты мәлім ірі компаниялар да бар. Сонымен қатар Даму қорының көмегімен қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіні енді дөңгелетіп келе жатқандар да көп.

Мұрат Мәлікаждар, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

- Мұндай жәрмеңке бізде Абай облысында бірінші рет болып жатыр осындай форматта. Енді ары қарай тек құрылыс саласында ғана емес, тігін саласында, өнеркәсіп саласында, тағам шығару саласында осындай жәрмеңкелер өткізу мақсатымызда бар. 

Отандық өнімнің сапасы мен қауқарынан хабар беретін бұл көрме шаһарда 3 күн бойы жалғасады. Жалпы Абай облысында 70-ке жуық ірі компания, 4 мыңнан астам бизнес нысан бар. Өнеркәсіптік өнім көлемі 9 айда 1 триллион теңгеге жуықтады.

Эльмира Ахметова, Медет Өмірханов