Солтүстіктегі диқандар 3,7 млн тонна бидай жинады
Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы аяқталды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жергілікті диқандар 3,7 млн тонна астық жинады. Биыл науқанның нағыз қызған шағында жауын-шашын болып, дала жұмыстары тоқтап қалған еді. Ауа райының қолайсыздығы өнімнің шығымдылығы мен сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан Президенттің тапсырмасымен ылғалды бидайды кептіруге қосымша 20 мың тонна дизель отыны бөлінді. Өңірде жаңа жиналған астықты 50- ге жуық элеватор қабылдады.
Мейрам Меңдібаев, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Қазір мынау элеваторларға 980 мың тонна астық енгізілді. Соның ішінде 3 класс 55 пайыз. Неклассқа бар – 14 пайыз. Қазіргі уақытта майлы дақылдар жиналып жатыр. Оның көлемі 685. Осы күнге 470 мың гектары жиналды.