Қазақстан мен Қытай арасындағы алыс-берісті $40 млрд-қа жеткізу көзделіп отыр

Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын алдағы уақытта 40 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз.

Мұны Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында тұрақты нығайып келе жатқан үлгілі мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізін қалағанын атап өтті. Өз кезегінде Чжао Лэцзи,,, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-қытай қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің сапары барысында Қытай тарапымен табысты келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі бекиді, өзара тиімді ынтымақтастық дамиды және екіжақты қатынастар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенім білдірді.