Елімізде жаңа салық кодексі әзірленіп жатыр
Жаңа кодекс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.
Құжат жобасы Парламент депутаттары, бизнес субъектілері арасында кеңінен талқылануда. Салық саласындағы реформалар бюджеттік кірістерді арттыруды көздейді. Егер құжат жобасы қолдау тапса, Қазақстанда қосымша құн салығы 16 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл өз кезегінде республикалық бюджетке қосымша 2,5 трлн теңге қаражат түсіреді. Жаңа салық кодексінің жобасы Парламентке 2024 жылдың бірінші жартысында ұсынылмақ.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Осы реформа тек қана ҚҚС бойынша бізге 2-2,5 трлн теңгеге дейін қосымша кірістерді әкелуі тиіс. Қосымша қаражат ол негізінен әлеуметтік шығындарға жіберілетін болады. Оның ішінде білім саласы, денсаулық сақтау және әлеуметтік төлемдерге. Осымен, қосымша қаражатпен, біз ұлттық қордан тіисті қаражатты алмайтын боламыз.