Ақтөбе облысында егін алқабының 8% жиналмай қалды
Ақтөбе облысында биылғы маусымда шығынға батқан 26 қожалықтың қарызы бір жылға тоқтатылуы мүмкін.
Шаруалардың өтінішін қараған жұмыс тобы осындай қорытындыға келді. Толассыз жауған жаңбырдан Қарғалы және Әйтеке би аудандарында егін жинау қиындаған. Әсіресе Әйтеке бидегі жағдай күрделі. Мұнда егіс алқабының 30 проценті орылмай қалды. Мамандардың айтуынша, тамыздан бері ауданға түскен ылғал мөлшері жылдағыдан 4 есе көп. Бұл күзгі науқанды аяқтауға кедергі келтіріп тұр. Жиналмай жатқан астық енді мал азығына жарамды, дейді шаруалар. Жалпы қазір облыс аумағында 440 мың гектар егілген алқаптың 92 проценті жиналды.
Асылхан Әбтиев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Жұмыс тобы қазір енді 42 мың гектар жерді аралап шықты. Жалпы айтқанда, үш жарым миллиард теңгедей пролонгация бойынша. Қазір енді жұмыс тобының 26 шаруашылықтар барлықтары на қол қойылып, тиісті құжаттар шаруашылықтарға таратылды. Қазір шаруашылықтар енді өз тарапынан қандай құжаттар керек, сол құжаттарды қаржы институттарына тапсырып, сол жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір, мысалы, қараша айы болатын болса, 1 жыл бойы төлемейді. Келесі қараша айынан бастап, келесі егін шыққаннан кейін төлейді олар.