Экономист: Франция – Қазақстанның сенімді серіктесі
Франция – Қазақстанның сауда-экономикалық және саяси әріптесі.
Екі ел президенттерінің жүргізіп жатқан келіссөз нәтижесі еліміздің экономикасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – экономист Ләззат Жанмолдаеваның пікірі. Оның сөзінше тараптардың алыс-берісі жылдан жылға артып келеді. Биыл Қазақстан мен Францияның тауар айналымы 2,7 млрд долларға жетіп, 20%-ке өсті.
Ләззат Жанмолдаева, экономист:
- Еуропа елдеріндегі мықты мемлекеттің бірі болып есептелінеді және ең ірі инвестиция салған 5 мемлекеттің бірі деп отырмыз, 2022 жылғы Ұлттық статистика бюросының берген ақпараты бойынша, бұл елдің бізге салған инвестициясы 4 млрд доллардан асады. Сондықтан қазіргі таңда геосаяси жағдай болып жатқан кезде бұл Еуропа елімен біздің қарым-қатынасымыз елдің экономикасына үлкен өзінің елеулі үлесін қосады.