Қытайдағы көрмеде Қазақстан компаниялары 260 млн долларға келісім-шарт жасасқан

Премьер-министр Әлихан Смайылов көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірге Ұлттық павильондармен танысты.

Құрметті қонақтарға республиканың астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлер таныстырылды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстаннан 133 компания қатысып, соның арқасында құны $260 млн астам сомаға тиімді экспорттық келісім-шарттар жасалды.