Ақтөбелік прокурорлар бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына тосқауыл қойды
Сома 2 жарым миллиард теңгеден асады.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу деректері арнайы талдау кезінде анықталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленіп отырған. Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандарының экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары сараптамадан өтпеген жолдарды жөндеуге мемлекеттік сатып алу жариялаған.
Өркен Ещанов, облыс прокурорының көмекшісі:
- Бір көзден 296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасаудың 18 фактісі анықталды. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен бұл сатып алулар жойылды. Нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.