Қазақстанда инфляцияны енді жаңаша есептейді

Ұлттық сатистика бюросы тұтынушылық тауарлардың құнын қағазға емес электронды түрде жинайтын жүйе жасады.

Халықаралық тәжірибені ескере келе, мамандар бағаны тіркейтін мобильді қосымша жасаған. Ол дүкендер мен базарларды аралап, бағаны бақылайтын статистика бюросының мамандарына арналған.  Қосымшаны дайындауға 6 айдай уақыт кетті. Жаңа технология инфляцияны нақты есептеуге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша келер жылдың қаңтарында іске қосылады.

Қуанышбек Жақыпбекұлы, Ұлттық статистика бюросының департамент директоры:

- Ол біздің мамандар үшін тиімді, өйткені қағаз жүзінде ақпарат жинаған кезде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ол қағазбен жинап келеді, оның барлығына уақыт кетеді. Бұл жолы уақытты өнемдейді. Анализ жасауға мүмкіндік болады. Мақсатымыз біздің халыққа инфляцияны дәйекті сапалы түрде беру.