Қостанайдағы форум Қазақстан-Ресей байланысын нығайта түседі

Қостанайдағы форум Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты нығайта түседі.

Тараптар әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі мен еркін тауар айналымын пысықтауға мүмкіндік алады. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында бұл көрсеткіш 17 млрд доллар шамасында болған. Сенатор Әсем Рахметова форумның қос ел үшін де берері мол екеніне сенімді.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мұндай кездесулерде белгілі бір мәселелер ғана емес, өңіраралық байланысты нығайтуға қатысты бастамалар да қаралады. Міне, биыл ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп отыр. Азық-түлік не өзге де өнімдерді кедергісіз тасымалдау жолға қойылады. Байланысты одан әрі арттыру тетіктері қаралады.